7 наурызда Францияның Экс-ан-Прованс қаласының апелляциялық соты Мұхтар Әблязовке сотқа келмегені үшін айыппұл салу туралы шешім шығарды. Сот Әбілязовтың саяси қуғынға ұшырау туралы уәждерін келмеу үшін сылтау ретінде қабылдаудан бас тартты, деп хабарлайды Zakon.kz.
«БТА Банкі» АҚ хабарламасында айтылғандай, Мұхтар Әблязов жауап алу үшін 2021 жылдың 15 және 16 маусымында Экс-ан-Прованс сотына келуі керек еді. Кездесу алдындағы сәтте Әблязов адвокаты арқылы саяси қуғын-сүргіннен қорқып, өз шешімін уәж айтып, француз сотының нұсқауын орындауға ниеті жоқ екенін мәлімдеді.