Еркін күрестен чемпион атанған спортшы көптің көзінше өз-өзіне пышақ сұққан
«Трамадол» дәрісі атыраулық чемпионның көз жұмуына себепші болды, – деп хабарлайды "ҚазАқпарат".
Оқиға Атырау қаласында болған. Психотропты препараттың әсерінен ер адам көптің көзінше өз-өзіне пышақ сұққан. Шақыртумен жеткен полицейлер оны тоқтатпақ болады. Бірақ көп қан жоғалтқан тұрғын көз жұмды. Бұл жайттың видеосы әлеуметтік желіде тарады.
Атырау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабымен ("Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу") сотқа дейінгі тергеу басталған. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.
Марқұм еркін күрестен түрлі жарыстарда чемпион атанған танымал спортшы еді.
Читайте также
Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре
Фанаты "Барыса" получили негативные известия
GTA VI впервые покажут уже в декабре
Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке
"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу
Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу