Елордада газель автокөлігі өртке оранды

Бүгін Астанада газель автокөлігі өртеніп кетті, қаза тапқандар жоқ, - деп хабарлайды Alashainasy.kz. Бұл туралы Egemen.kz тілшісі қалалық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап жазды.

«Бүгін сағат 08.06-да Өрт сөндіру қызметіне газель автокөлігі жанып жатқаны туралы хабарлама түсті. Өрт сөндірушілер оқиға орнына келген кезде газель автокөлігі ашық жалынмен жанып жатқаны анықталды. Өрт сағат 08.22-де сөндірілді. Оқиға орнында жедел жәрдем бригадасы 1990 жылы туған көлік жүргізушісіне алғашқы медициналық көмек көрсетіп, ауруханаға жеткізді. Жүргізуші беті, екі қолы, екі табаны 1-2 дәрежелі термиялық күйік алған деген диагнозбен ауруханаға жатқызылды», делінген хабарламада.

 

Өртті сөндіруге Астана қаласы ТЖД 6 қызметкері мен 1 бірлік техникасы жұмылдырылды.

 

Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті жыл басынан бері елордада автокөлікте өрт саны артқанын хабарлады. Көбінесе өрттің себептері электр сымдарының дұрыс жұмыс істемеуі және газ баллонды жабдықтың дұрыс орнатылмауы, сондай-ақ техникалық тексерудің дұрыс жүргізілмеуінен болады.

 

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста