14 наурыз күні полицияға 19 және 20 жастағы екі қыздың туыстары хабар-ошарсыз кету туралы арызданды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі POLICE_of_KZ телеграм арнасына сілтеме жасап.
Туыстарының айтуынша, қыздар үйден шығып, қайтып оралмаған, телефон қоңырауларына жауап бермеген.
Полиция қызметкерлері жедел іс-шаралар кешенін өткізді, нәтижесінде жоғалған қыздардың Ақтау қаласында көргені туралы ақпарат келіп түсті, бірақ оларды сол жерден таба алмаған.
Екі аптадан кейін қыздар Алматы қаласында табылды, олар полиция бөліміне жеткізілді.
Қыздар туыстарын ескертпей жай серуендеуге шешім қабылдағанын түсіндірді.