Қазақстан құрамасының бұрынғы шабуылшысы Глеб Мальцевті Подмосковьеде белгісіз біреулер соққының астына алған. Футболшы ол жаққа Жеңіс күнін атап өтуге барыпты. Соққы алған Мальцевті ауруханаға жеткізген деп хабарлайды Мутко против телеграмм-арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Телеграмм арнасының жазуынша, 31 жастағы бұрынғы қазақстандық футболшы аса таныс емес адамдармен 9 мамыр мерекесін атап өткен. Кейінірек олармен жаға жыртысып қалыпты.
Нәтижесінде Глеб Мальцев бас жарақатымен ауруханаға жеткізілді.
Айта кетейік, Глеб Мальцев мансабын 2014 жылы аяқтаған.
Футболшы "Ертіс", "Ордабасы" және "Есіл-Богатырь" клубтарында доп тепкен.
Ол ұлттық құраманың сапында үш ойын өткізді.