Бұрынғы әйелінің жеке суреттерін желіде таратқан ер адамға қатысты тексеру басталды

Бұрынғы әйелінің жеке суреттерін желіде таратқан ер адамға қатысты тексеру басталды

Ер адам ВКонтакте әлеуметтік желісінде бұрынғы жұбайымен жеке сипаттағы фотосуреттер мен бейнематериалдар жариялаған, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қала тұрғынына қатысты әлеуметтік желілерде басқа адамның жеке өмірі туралы мәліметтерді оның келісімінсіз таратқаны үшін  сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

 

– Сондай-ақ өзін бұрынғы жұбайының құрбысы ретінде таныстырған ер адам ол туралы жалған ақпарат таратып, хат жазысқан. Бұл туралы естіген қала тұрғыны полицияға жүгінді.  Қазіргі уақытта аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы ҚК 147-бабының 5-бөлімі бойынша сотқа дейінгі іс жүргізілуде, – деді Павлодар қаласы полиция басқармасы солтүстік полиция бөлімінің бастығы Бекзада Бөлежанов.

 

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Республикасы ҚК-нің 147-бабы - жеке өмірге қол сұғылмаушылықты және Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасын бұзу, көпшілік алдында сөз сөйлеуде, көпшілік алдында көрсетілетін туындыда, бұқаралық ақпарат құралдарында немесе телекоммуникация желілерін пайдалана отырып, оның ішінде интернет арқылы, сол сияқты адамға немесе оның жақындарына қатысты іс-әрекеттер жасау осы адамның  қызметті жүзеге асыруымен не осындай қызметке кедергі жасау мақсатында немесе ол үшін кек алу үшін кәсіптік немесе қоғамдық борышты орындауымен –  үш жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру түрінде жаза қарастырылған.

 

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста