БҚО-да ер адам жем тартатын машинаға түсіп кеткен

БҚО-да дән ұсақтағышқа түсіп кеткен ер адам қайтыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Mgorod.kz-ке сілтеме жасап.

2022 жылдың жеті айында облыста осы өндіріске байланысты 33 қайғылы оқиға тіркелген. БҚО еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Асылұлан Досжановтың айтуынша, барлығы 39 адам зардап шеккен. Оның 20-сы ауыр жарақат алса, 9 адам топтық жазатайым оқиғадан зардап шегіп, 10 адам қаза тапқан.

«Бұл саладағы жазатайым оқиғалардың себебі еңбектің қауіпсіз тәсілдерін оқытудағы кемшіліктер, жұмысты нашар ұйымдастыру, зардап шегушінің өрескел салғырттығы және ақаулы машиналар, механизмдер мен жабдықтарды пайдалану болып отыр. Бюджеттік ұйымдардың үш қызметкері қаза тапты, онда жазатайым оқиғалар қозғалатын, айналатын заттар мен бөлшектердің әсерінен орын алды», - деп атап өтті Асылұлан Досжанов.

Ауыл шаруашылығы саласында екі жұмысшы қаза тапты. Бір жұмысшы өзінің жұмыс аумағынан кетіп, белгісіз жағдайда жұмыс істеп тұрған жем тартатын машинаға түсіп кеткен. Тағы бір жағдайда, жұмысшы әйел белгісіз себеппен цехтың тиеу аймағына өтіп кеткен. Оны артқа шегініп келе жатқан трактор жүргізушісі басып кетті.

А.Досжанов жұмыс берушілер қызметкерлерді қауіпсіздік және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқытпайтынын, нұсқамайтынын, білімін тексермейтінін атап өтті. Ал кейбіреулері жазатайым оқиғаларды жасырып та жатады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста