БҚО-да көліктен үш жігіттің және қыздың мәйіті табылды. Бұл туралы БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
"Бүгін сағат 10:30 шамасында Зачаганск кентінің "Сартау" шағын ауданында орналасқан жеке үйдің гаражында автокөліктен 4 мәйіт табылды (2006 жылы туған қыз және 2 кәмелетке толмаған бала, сондай ақ 2004 жылы туған азамат)", - делінген хабарламада.
Өлімнің алдын ала себебі - көміртегі тотығымен улану.
Оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.