Алматы облысы Қопа стансасында жүк пойызының 4 вагоны контейнерлермен рельстен шығып кетті.
Пойыз Беларусьтен Алтынкөл стансасына келе жатқан.
Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Төтенше жағдай пойыздардың қозғалысына әсер еткен жоқ, деп хабарлайды "Қазақстан темір жолы" компаниясының баспасөз қызметі.
Оқиғаның себептерін анықтау үшін ҚТЖ-да комиссия құрылды.