Баласынан бас тартқан ана оны асырап алғандармен соттасып жатыр

Баласынан бас тартқан ана оны асырап алғандармен соттасып жатыр

Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны Айгүлдің ойынша, сот негізсіз шешім шығарған. Салдарынан ол өзінің баласынан айырылып қалуы мүмкін. Баланы биологиялық анасына беруге мәжбүр болады.

Бұл туралы Orda.kz Литерге сілтеме жасап хабарлады.

Айгүлдің айтуынша, қызының биологиялық анасы баланы асырай алмағандықтан оны туа сала 2 күннен кейін ата-ана құқығынан айыруға өтініш жазған. Аяғы ауыр кезінде бірнеше рет түсік жасамақшы болған.

Бала 2020 жылдың 21 қыркүйегінде №1 көпсалалы қалалық аурухананың акушерлік бөлімінде салмағы 860 грамм, бойы 33 сантиметр болып, 26 аптада дүниеге келген.

Осылайша қызының анасы 2020 жылы 23 қыркүйекте ата-ана құқығынан бас тарту туралы хат жазып, бала асырап алуға келісімін берген.

2021 жылы 25 қаңтарда Нұр-Сұлтан қаласының білім бөлімінің бұйрығымен қызға қорғаншылық тағайындалды. Биологиялық анасы бұл уақытқа дейін сотқа ешқандай талаппен жүгінбеген.

– 2021 жылы 22 сәуірде біз бала асырап алу туралы талап арыз бердік. Бірақ бір күн бұрын, 2021 жылы 21 сәуір биологиялық анасы түсіндірмемен Мамандандырылған балалар үйіне жүгінген. Онда ол баладан бас тарту туралы арызды қайтарып алуға ниет білдірді. 2021 жылдың 23 сәуірінде бізге мамандандырылған балалар үйінен қоңырау түсті.

Бізге биологиялық ана өтінішін қайтарып алғанын айтты, енді олар (Нұр -Сұлтан қаласының білім бөлімі – ред.) баланы кейіннен биологиялық анасына беру үшін балаға қамқоршылықтан бас тарту туралы құжат беруі керек, – деді патронат ана.

Кішкентай қыз жаңа отбасында 7 ай тұрып, оларға үйренісіп қалған. Сондықтан, Айгүлдің отбасысы қызының биологиялық анасын ата-ана құқығынан айыру туралы өтінішпен сотқа жүгінді.

– Сот талқылауы кезінде ол баланы өлтірмек болғанын растады және бұл фактіні жоққа шығармады. Прокурор биологиялық ананың жүктілігі кезінде қоғамдық орындарда алкогольді ішімдіктерді ішу фактісін анықтады. Бұл үшін ол әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деп бөлісті Айгүл.

Сот бала асырап алушылардың талап арызын қанағаттандырмады.

Айгүл қызға жарты жылдан астам қамқорлық көрсетіп, оған әбден бауыр басып қалғанын және оның денсаулығы үшін барлығын жасағанын айтты.

Патронат ана қызын биологиялық анасына бергісі келмейді. Себебі, әйелдің аяғы ауыр кезінде денсаулығына немқұрайлы қарауынан нәрестеде туа біткен бірқатар аурулары бар.

– Егер науқас баланы биологиялық анасына қайтарсақ, ол оны не балалар үйіне қайтарып береді, не оның денсаулығына зиян келтіреді. Қыздың бізге үйреніп қалғанын ескеру керек. Бала көп ойнап, күле бастады. Ол тек біздің қолымызда тынышталады. Менің ойымша, ол оның бізді өзінің отбасы деп санайтындығын көрсетеді. Баланы қазір отбасынан ажыратып, оны биологиялық анасына қайтару – балаға тағы жара салумен тең, – дейді Айгүл.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста