Баланы балконнан лақтырып, енесін өлтірді: Астанада ер адам терезеден секіріп кетті

Баланы балконнан лақтырып, енесін өлтірді: Астанада ер адам терезеден секіріп кетті

Астанадағы тұрғын үй кешендерінің бірінде қайғылы оқиға болды. Ер адам төрт жасар жиенін терезеден лақтырып жіберіп, енесін пышақтап тастады. Полицейлер жеткенде 7-қабаттан секіріп кетті.

Көршілерінің айтуынша, ер адам құмар ойындарға әуестеніп, миллиондаған қарызы болған.
Ер адамның әйелі де зардап шеккен. Ол үйден қашып шығып, төмендегі пәтерлерге көмек сұрауға барған, деп хабарлайды Астана телеарнасы.
Баланың денесін бірінші қабаттағы өз балконының астынан көршісін көрген. Астана тұрғыны сұмдық жағдай туралы әлеуметтік желіде айтып берді.
"Таңертең сағат 5 шамасында олар біздің есігімізді қақты. Ашсам бет-аузы қан-қан әйел тұр. Күйеуімнің есі ауысты, ол игроман, мені соққыға жықты. Қолына түскен нәрсенің бәрімен, үтікпен ұрды, деді. Қолына пышақ алғанда қашып кетіп, сіздерге келдім, деді. Мен киініп, үйден ұшып шықтым... Балконымның астында – кішкентай бала, айналасы қан", – деді куәгер.
Астана полициясы 5 ақпанда 102 арнасына отбасылық жанжал болып жатыр деген қоңырау түскенін хабарлады. Қылмыстық кодекстің 99-бабы ("Адам өлтіру") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қажетті тергеу мен сараптамалар жүргізіледі.
Көршілердің айтуынша, бұл отбасы сырттай сабырлы, тату болып көрінген. Ерлі-зайыптының үш баласы болған.

sputnik.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста