"Байланыс болмағандықтан әкесі мен екі баласы өртеніп кетті": Министрлік ақпаратқа қатысты пікір білдірді

Алматы облысында ер адам екі кішкентай баласымен жеке үйдегі өрттен қаза тапты. Жергілікті тұрғындар ұялы байланыс пен интернеттің жоқтығынан ауылға құтқарушыларды шақыру мүмкін еместігін айтып шағымданды. Цифрлық даму министрлігі ақпаратқа қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қайғылы оқиға Кепебұлақ ауылында болды. Ауыл тұрғындары оқиғаның өз ауылдарында интернет пен ұялы байланыс болмағандықтан, өрт сөндірушілер мен басқа да жедел қызметтерді шақыра алмағандықтан болғанын айтады.

Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің төрағасы Ержан Мейрамов Facebook желісіндегі ақпаратқа қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, ауылдағы халық саны 524 адам.

Байланыс операторы берген лицензиялық міндеттемелерге сәйкес 500-ден астам халқы бар елді мекендер кем дегенде 2G стандартының дауыстық байланысымен қамтамасыз етілуі тиіс.
Алайда байланыс операторлары өздерінің лицензиялық міндеттемелерін орындамаған.

"Кепебұлақ ауылында "Кар-Тел" ЖШС операторы ұялы байланыс қызметін ұйымдастыруы керек еді, ал "Кселл" АҚ және "Мобайл Телеком-Сервис" ЖШС операторлары бірлескен келісім шеңберінде (инфрақұрылымды бірлесіп пайдалану) қызмет көрсетуі тиіс. Алайда, "Кар-Тел" ЖШС басқа екі ұялы байланыс операторы үшін бірлескен келісім шеңберінде ұялы байланыс инфрақұрылымын ұйымдастырған жоқ, осыған байланысты осы ауылдағы байланыс сапасы белгіленген талаптарға сәйкес келмейді", - жазды Мейрамов.
Оның айтуынша, операторларға қатысты көрсетілетін қызметтердің сапасына тиісті тексеру жүргізілетін болады және операторларға қатысты тиісті шаралар қабылданатын болады.
Қабылданған шаралар туралы қосымша хабарланатын болады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста