Автобуста тосап төгіп алған қарияны қорғаған арудың әрекетіне жұрт тәнті болды

Автобуста тосап төгіп алған қарияны қорғаған арудың әрекетіне жұрт тәнті болды

Желіде Қарағандыда қоғамдық көлікте болған жағдай көпшіліктің талқысына түсті. Мұнда жолаушы әйел егде жастағы қарияның автобус ішіне байқамай тосабын төгіп алғанына наразы болған. Қарияны қорғап, жердегі сұйықтықты жейдесімен сүрткен бойжеткеннің әрекеті көпті сүйсіндірді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Stan.kz-ке сілтеме жасап.

Қария кептеліс кезінде байқаусызда көліктің ішіне тосабын төгі алған. Бұған ренжіген әйелдер оған қарсы түрлі сөздер айта бастайды. Алайда кадрларда автобус ішіндегі бойжеткеннің қарияны қорғағаны түсіп қалған.

 

Ару өзіне ұрысып, “мұны енді кім жинап, сүртеді, неге бала-шағасы қарамаған”, деген әйелдердің сөзіне намыстанып, еденді өзінің жейдесімен сүртіп алады.

 

“Мен сүртемін. Бұлай деуге қалайша дәттеріңіз барады. Сіз де жасыңыз келген адамсыз ғой. Қария байқамай қалды, үлкен кісі емес пе?”,- деп ашуланады ару.

 

Желі қолданушылары арудың әрекетіне қайран қалып түрлі пікір жазды.

 

"Қандай ақылды қыз, бәріне қарсы шықты!”, “Өмір жолында жақсы адамдар көп болсын!", “Бәріміз бір күні қартаямыз, ата жамандық жасамады”, “Жай ғана тосап төккен”, "Осындай сұлу қыз үшін қыздың ата-анасына бас исек болады”, “Қазір барлық жерде адамдар арасында жеккөрушілік”, – деп жазды желі қолданушылары.

 

 

 

Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz

 

 

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста