Атырауда мұз ойылып, суға кеткен адамды іздеу жұмыстары жалғасып жатыр, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі 24.kz-ке сілтеме жасап.
Еске салайық, 5-қаңтарда Жұмыскер ауылында Жайық өзенінде мұз ойылып, екі азамат суға кеткен. Бірақ жедел-құтқару тобы біреуін құтқарып, облыстық ауруханаға жеткізді. Ал екінші азамат әлі табылған жоқ.
Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары оны үшінші тәулік іздеп жатыр.
1975 жылғы азаматты іздеуге 11 құтқарушы, 2 техника мен 1 су астында жүзу құралы жұмылдырылған.
Төтеншеліктер, мұз үстінде қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады.