Атырауда рестобар күзетшілері бойжеткенді бастан теуіп құлатқан

Атырауда рестобар күзетшілері бойжеткенді бастан теуіп құлатқан

Атырауда 11 шілдеде SOLVE рестобарының бірнеше қызметкері барға келген қызды соққының астына алған. Ол туралы бейнежазба әлеуметтік желілерге тарап кеткен, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Нalyq-uni.kz-ке сілтеме жасап.

Айназ есімді жәбірленуші Instagram-дағы парақшасында сол оқиғаны баяндап берді. Айтуынша, күзетшілер оған қырындап, таныспақ болған, бірақ қыз олардың ұсынысын қабыл алмаған. Содан кейін олар қызға өштесіп, мазақтап, мазасын алған.

 

Таңғы сағат 5 шамасында телефонмен сөйлесу үшін кіреберіске шықтым. Содан кейін күзетшілер мені кіргізбеді. Дөрекілік танытып, «кетіп қалшы мына жерден, сені ешкім кіргізбейді» деді. Мен олардың өйтуге хақысы жоқ екенін айтып, әкімшіні шақыруды сұрадым, – деді жәбірленуші видеода.

 

Алайда олар әкімшіні шақырмаған. Қыз кіреберіс арқылы кірмек болған кезде бір топ ер адам оған шабуылдап, күш қолданған.

 

Бетімнен бірнеше мәрте ұрды. Соққыдан кіреберістегі кафельге басымды соқтым. Мені әрі қарай итеріп, қуып шықты. Алайда бір күзетші артымнан жүгіріп келіп, отырған кезімде басымнан тепті, – дейді Айназ.

 

Айтуынша, полиция қызметкерлері келгенше қаскөйлер қашып кеткен және әкімші бейнебақылау камераларының жазбасын көрсетуден бас тартқан. Жазбаларды тек екі күннен кейін көру мүмкін болған.

 

Атырау облыстық полиция департаменті күдіктілердің ұсталғанын мәлімдеді.

 

11 шілдеде Атырау қаласындағы рестобарлардың бірінде азаматты ұрып-соғу дерегіне қатысты Қылмыстық кодекстің 293-бабы 2-бөлігі («Бұзақылық») бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдіктілер анықталды. Жәбірленушіге сот-медициналық сараптамасы тағайындалды.

 

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жариялауға жатпайды», – деп мәлімдеді облыстық ПД баспасөз қызметі.

 

 

Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста