Атырауда пойыз жолаушылар автобусына соқтығысты, - деп хабарлайды Alashainasy.kz. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі "Мой город" басылымына сілтеме жасап жазды.
Оқиға 11 шілдеде сағат 14:00 шамасында болған. Атырау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәліметінше, Рауан көшесі бойындағы теміржол өткелінде №2 бағыттағы пойыз бен жолаушылар автобусы соқтығысқан.
Автобус жүргізушісі белгіленбеген орыннан жолды кесіп өтпек болған.
Автобустағы жолаушылардың жағдайы қалыпты екені айтылды.
1
Еске салайық, маусымның аяғында Алматыда жолаушылар мінген автобус Құлжа тасжолында арыққа түсіп кеткен болатын.