Әлеуметтік желіде Астанадағы жеделсатыда ер адамның әйелін ұрып-соғып жатқан видеосы пайда болды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Оrda.kz-ке сілтеме жасап.
Полицейлер бұл ер адамның әйеліне бірінші рет қол көтеруі емес екенін анықтады.
Анықталғандай, видеода 42 және 36 жастағы ерлі-зайыптылар бейнеленген. Лифтке кірген ер адам әйелді балағаттап, сосын ұрып жіберген.
Полицейлер сот қылмыскерді он тәулікке қамауға алу туралы үкім шығарғанын айтты.
– Қызмет көрсетілетін әкімшілік учаскелердегі құқық бұзушылықтардың алдын алуды күшейту мақсатында елордалық полиция департаментінің қызметкерлері әр учаскені барынша қадағалау жұмыстарын жүргізуде, – деп қосты баспасөз қызметі.