Астанада адамды көлік жүксалғышына салып тасмалдаған жүргізуші жазаланды

Астанада адамды көлік жүксалғышына салып тасмалдаған жүргізуші жазаланды

Астанада жүргізуші жасөспірімді көлік жүксалғышына отырғызып алған, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Патрульдік полицейлер жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзғаны үшін BMW және Toyota автокөліктерінің жүргізушілерін ұстады.

 

Күндізгі уақытта Достық көшесімен Мәңгілік Ел даңғылына қарай жүріп келе жатып, Toyota автокөлігінің 22 жастағы жүргізушісі адамды жүксалғышпен тасымалдаған.

 

 

BMW автокөлігімен келе жатқан екінші жүргізуші бейне түсірілім жасаған.

 

Тәртіп бұзушылардың әрекеттерін куәгерлер түсіріп алып, полицияға хабарлаған.

 

Полиция қызметкерлері екі жүргізуші де өздерінің мемлекеттік тіркеу нөмірлерімен алмасып, сол арқылы жалған нөмірлері бар көлікті басқарғанын анықтады.

 

– Аталған дерек бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 4-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалды. Көліктер коммуналдық тұраққа қойылды. Сонымен қатар Toyota автокөлігінің жүргізушісі жолаушыларды тасымалдау бойынша талаптарды сақтамағаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 593-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – дейді полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Дәурен Қазбеков. 

 

Астана қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының шешімімен екі бұзушы бір жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айырылып, бір тәулікке қамауға алынды.

 

Полицейлер бейнетүсірілімге қатысқан 16 жастағы жасөспірімді анықтады. Ұсақ бұзақылық жасағаны үшін жасөспірім ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

 

 

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста