Астана қалалық қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасының басшысы Әлия Қожабаева ұсталды. Оған пара алды деген айып тағылып отыр, - деп хабарлайды Alashainasy.kz. Бұл туралы "Адырна" тілшісі сыбайлас жемқорлыққа қарсы мекеменің баспасөз қызметіне сілтеме жасап жазды.
Оқиғаның жай-жапсары, істің егжей - тегжейлері әлі белгісіз.
Астана қалалық қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасының басшысы Әлия Қожабаева пара алу фактісімен күдікке ілініп, ұсталғаны туралы ғана хабарланады.