АрселорМитталға қарасты шахтада өрт болып, 224 жұмысшы жер бетіне шығарылды
Жер астынан өрт шыққан «АрселорМиттал Теміртау» АҚ көмір департаментіне қарасты «Казахстанская» шахтасында 224 жұмысшы жер бетіне шығарылды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Алдын ала мәлімет бойынша, бас ауруы мен жөтел шағымдарымен 13 адам оқиға орнында дәрігерлерге жүгінген.
Төрт адам ауруханаға жатқызылды: екеуі – Шахтинск қаласының орталық ауруханасына, қалғандары – облыстық медициналық орталыққа.
"17 тамызда сағат 10:05-те Д6 көмір еңісін игеруде (горизонт – 170 м) конвейер лентасы өртенді. Төтенше жағдайды жою жоспары әзірленді. Оқиға кезінде 227 адам жер астында болған. Жұмысшыларды эвакуациялау бүйірлік шахта арқылы жүзеге асырылды", - делінген хабарламада.
Оқиға орнында РТСШ "ПВАСС" және Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.
Өрттің шығу себептері анықталуда.
Оқиға орнында облыс әкімінің бірінші орынбасары Вадим Басин мен Шахтинск қаласының әкімі Мұрат Қыдырғанбеков жүр.
Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz