Ақтөбелік жасөспірім велосипедін сатып әкесін іздеп кеткен

Ақтөбе облысы Хромтау ауданының Никельтау ауылында тұратын жасөспірім 23 тамыз күні кешкілік үйінен кетіп қалған. Ол жол бойы велосипедін сатып, әкесіне бармақ болғаны анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат  тілшісі.

Никельтау ауылында тұратын Кенжеғали Әлібайұлының жоғалып кеткендігі туралы бұған дейін хабарлаған болатынбыз. Ол 23 тамыз күні түнде үйінен шығып, белгісіз бағытта кетіп қалған. Оның жоғалып кеткендігі туралы ауыл әкімдігі хабарлап, баланы іздеп-табуға көмек сұраған еді.

Жетінші сынып оқушысын ауыл тұрғындары жұмыла іздеді. Жасөспірім бір күннен соң Түркістаннан табылды.

«Інім табылды. Ол бір күн бойы жолда жүрген. Кенжеғали Түркістаннан табылды. Ол жақта біздің әкеміз бар. Бұл жағдай бірінші рет болды. Інім үйден шығып, Ақжар ауылына барған. Сол жерде велосипедін сатып, кейін көлік тоқтатып, Түркістанға жеткен. Бәрі жақсы, ол табылды»,- деді баланың ағасы Ізбасты Әлібайұлы.

Айта кетейік, Кенжеғали ағасының қамқоршылығында болған.

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста