Ақтөбедегі лаңкестің әйелі: Біз ешкімнің алдында ақталмаймыз, Алла бәрін көріп тұр

Ақтөбедегі лаңкестің әйелі: Біз ешкімнің алдында ақталмаймыз, Алла бәрін көріп тұр

Ақтөбедегі теракт кезінде бейбіт халыққа оқ атып, әскерилерге шабуылдаған содыр Дархан Қойшиннің анасы NUR.KZ тілшісіне сұхбат берді. Ол балаларын пайдаланып, бүлік жасау үшін тұзақ құрған басқа біреулердің бар екенін айтады.
 «Мен қазір баламды жоқтап, жылап жатырмын. Қайғым жетеді. Әлі жерлеген де жоқпын, сүйегін ала алмай жүрмін. Балам сол күні қонаққа кеткен адам»,-дейді лаңкестің анасы Зәуреш.

Дархан Қойшиннің әйелі енесінің күйеуі туралы айтқанын ұнатқан жоқ.

«Алла Тағалла бәрін көріп тұр. Ол кінәсіз, біз ақталмаймыз, ақиқатты Алла біледі»,- дейді содырдың әйелі.

Бір айдан кейін отыз жасқа толатын Дархан Қойшиннің артында екі баласы қалды.

«Көзіммен көрдім, біреу баламды телефонға шақырды. Ол ондай болатынын біліп барған жоқ. Қонаққа шақырғанда екі кішкентай баласына «қайсысын алып кетемін» деп жармасты. Үлкені «мен барам» деп жылағасын, соны киіндіріп қойдық. Сол кезде «балаларды тастаңдар» деген қоңырау келді. Балам «қонаққа балаларыңды ертпей келіңдер деп айтты» деді. Олар жиналғанда солай айтады. Балаларыңды алып келіңдер, болмаса тастап кетіңдер деп хабарлайды. Намаз оқымайтындар да баламен не баласыз келіңдер деп айтады емес пе, тап солай болып тұр. Әкесіне ере алмайтынын естіп, жылаған баласын өзі жұбатты. Оны дүкенге ертіп шығып, «киндер сюрприз» шоколадын әкеп берді. Баласы тәттіге алданған соң, өзі шығып кетті. Біз оны қонаққа кетті деп отырмыз», - дейді анасы.

Ол "сақалдылар атысып жатыр" дегенде ғана баласының бәлеге ұрынғанын сезген.

«Бүкіл халық атыс болып жатыр деп шулағанда естідік. Мен сол кезде бірден күдіктендім. Себебі, ол 5-ші мөлтек ауданына қонаққа баратынын айтып кеткен. Мен ол кезде кішкентайларды ертіп апамның үйіне кеткен едім. Болған жайдың бәрін сол жақтан естідім», - дейді Зәуреш.

Дархан Қойшиннің үйіндегі үш әйел - шешесі, әйелі және қарындасы хиджаб киген. Үйдің сыртқы есігінде үйге бас сұққанда айтылатын сөзді араб тілінде жазып қойған.

«Бәрі белгілі нәрсе. Біз оны жоғалттық. Ол енді жоқ. Не ойлағыларың келсе соны ойлаңдар», - деді содырдың қарындасы

Ол осыны айтты да есікті жауып, анасын үйіне қарай сүйреді. Есіктің арасынан сығалаған анасы: «Біз соғыс болып кете ме деп қорқамыз. Аспанымыз ашық, еліміз тыныш болғанға не жетсін», - деді.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста