Ақтөбеде тәрбиешінің салғырттығынан екі жасар бүлдіршін күйіп қалды (фото)

Ақтөбеде тәрбиешінің салғырттығынан екі жасар бүлдіршін күйіп қалды (фото)

Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Бөгетсай ауылындағы балабақшада күйіп қалған кішкентай бүлдіршінге үш күн бойы ешқандай көмек көрсетілмеген деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ  тілшісі.

Екі жасар Нұрайдың әкесі баласын бүгін ғана ауруханаға жеткізгенін хабарлады.

«Оқиға 3 наурыз күні сағат 14:30 шамасында болды. Тәрбиеші балаларды ұйықтатып шығып кеткен. Ұйықтап жатқан менің екі жасар қызым керуетінен құлап, аяғын жылу өтіп тұрған трубаға кіргізіп алған. Қалай болғанын білмеймін, бірақ қызым керуеттің жанындағы трубадан аяғын ала алмай қалады. Сол жерде бақырып жылай берген. Тәрбиеші баламның аяғы әбден пісіп қалғаннан кейін ғана келген», - дейді әкесі Ердібек Оспан.

Балабақша қызметкерлері оқиғаны баланың үйіне хабарлап, ата-анасын шақыртады.

«Келсем қызымды тәрбиеші қолына ұстап жүр. «Баланы үйге алып кетесіз бе?» деп қарап тұр. Сол жерде балабақша медбикесіне апаруды сұрадым. Медбике бөлмесінен жарақатты сүртетін ештеңе таба алған жоқ. Ішінде қызу тексеретіннен басқа құрал жоқ. Ауылдың ауруханасынан дәкесін алып медбике жетті. Мен күйген жарақатты таңуға рұқсат берген жоқпын. Бәрі «ештеңе етпейді, жазылып кетеді» деп бізді жұбатты. Қызым үш күн бойына жылады. Тамақ ішпейді, ұйықтаған да жоқ. Әлсіреп кеткен соң бүгін жедел жәрдеммен Хромтау аудандық ауруханасына түсірдік», - дейді әкесі.

Екі жасар Нұрай Өтеген қазір дәрігерлердің бақылауында. 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста