Ақтөбеде белгісіз заттан уланған екі баланың жағдайы ауыр

Ақтөбеде белгісіз заттан уланған екі баланың жағдайы ауыр

Ақтөбе облысы Қобда ауданы Өтек ауылында екі бала белгісіз заттан уланып қалды. Қазір тексеру жұмысы жүріп жатыр, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "ҚазАқпарат"-қа сілтеме жасап.

Оқиға 18 тамыз күні тіркелген. Сағат 23:00 шамасында Қобда ауданының орталық ауруханасына «белгісіз заттан улану» диагнозымен 3 және 5 жастағы екі бала жеткізілді. Жанында фельдшер мен анасы, әжесі болған.

 

«Бес жастағы ұлдың жағдайы ауыр. Сандырақтап жатты. Сонымен бірге үш жастағы қыздың да жағдайы ауыр, әлсіз күйінде жеткізілді. Олардың дене қызуы жоғары болды. Туыстарының айтуынша, қызуы көтеріліп, сандырақтап, әлсірей берген. Жан-жақты сұрақ-жауап кезінде садақа болып, балалардың ауылда ойнап жүргені анықталды. Олар сағат шамамен 18:00 үйге келген. Ауырған соң фельдшер шақырды. Өздері парацетамол беріп, қызуын түсірмек болды. Алғашқы кезде неден уланғаны белгісіз еді. Кейін ауылда итжидек өсетіні анықталды», - деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Рүстем Исаев.

 

Айта кетейік, балаларды реаниматологтар қарап шықты. Түрлі сынама алынды. Медициналық авиацияға хабар беріліп, дәрігерлер кеңес өткізді.

 

«Қазіргі кезде балалардың дене қызуы сәл төмен түсті. Бүгін таңғы сағат 03:00 шамасында елітіп, қайта сандырақтай бастаған. Бір сағаттан соң медавиация, оның ішінде реаниматолог барды. Екеуі де Ана мен бала орталығына жеткізілді. Реаниматологтар республикалық әріптестерімен ақылдасты. Қазір балалардың жағдайы ауыр. Қайта-қайта сандырақтап кетеді. Удың бетін қайтаратын ем алып жатыр», - деді Рүстем Исаев.

 

 

Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста