Ақтөбеде 1,5 жасар баланың өліміне қатысты анасының үстінен қылмыстық іс қозғалды
Ақтөбе облысында қайтыс болған 1,5 жасар баланың анасына қатысты қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл туралы Ақтөбе облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады
"2023 жылғы 23 ақпанда сағат 10:00 шамасында Ақтөбе полиция басқармасы Алматы ауданы №3 ҚПБ-нің 102 нөміріне 02.02.2022 жылы туған баланың қайтыс болғаны туралы хабарлама келіп түсті. Кәмелете толмаған балаға қатысты сот-медициналық сараптамасы тағайындалып, қорытындысы бойынша жүректің жетіспеуінен (сердечная недостаточность) қайтыс болғаны анықталды. Аталған дерек бойынша баланың анасына қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 140-бабы "Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi орындамау" бойынша тергеу жүргізіліп жатыр" - деп мәлімдеді Ақтөбе облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі
Тергеуге байланысты өзге ақпарат жария етілмейді.
Сонымен бірге қайтыс болған баланың әкесіне қатысты ешқандай қылмыстық іс қозғалмағаны белгілі болды.
Еске салайық, Ақтөбеде еріктілер ішімдікке құмар отбасының үйіне барып, 1 жасар бала қайтыс болғанын, оның қасындағы 4 жасар ағасының аш құрсақ жүргенін көрген. Үйдің астаң-кестеңі шыққан, ішетін тамақ болмаған.