Ақтауда көшенің қақ ортасында жартылай жалаңаш жүрген белгісіз ер адам бөтен біреулердің көлігін ашпақ болған. Іш киім киген оны куәгерлер видеоға түсіріп алыпты, деп хабарлайды Экспресс К.
Lada.kz-ның жазуынша, бұл оқиға кеше, 23 ақпанда болған. Бейнежазбадан киімсіз ер кісі 2 ықшамаудандағы №22 тұрғын үйдің ауласында тұрған көліктерді шетінен ашуға тырысады.
Видео әлеуметтік желілерде тарап кеткен. Желі қолданушыларының пікірінше, ол ішімдік ішіп алған болуы мүмкін. Полиция бұл бейежазбаға қатысты әзірге пікір білдірмеді.