Батыс Қазақстан облысы Ақсай қаласында жергілікті жасөспірім балалар итті қорлаған, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Nege.kz-ке сілтеме жасап.
Оқушылар иттің аяғынан ұстап, жыныстық қатынасқа түскендей қимылдар жасаған.
Полицейлер іздестірілу іс-шараларын жүргізу барысында кәмелетке толмаған үш жеткіншекті анықтаған.
"2007 ж.т., 2008 ж.т., 2009 ж.т. жасөспірімдердің ата-аналары ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабы "Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу және (немесе) оған білім беру, оның құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамау" бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Кәмелет жасына толмаған балалармен профилактикалық әңгіме жүргізілді", - делінген полицияның хабарламасында.