Зеренді аудандық полиция бөлімі басшысының орынбасары Тұрар Дүйсембин өлі күйінде табылды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Марқұмның денесі элеватор аумағында Қылшықты өзенінен табылған.
Айта кетсек, марқұм полицейдің туыстары оның жоғалып кеткені туралы 23 маусымда полицияға хабарлаған. Ал оның 20 маусымда жоғалғаны белгілі болды.
Ақмола облысы ПД Т. Дүйсембиннің бұйрыққа сәйкес кезекті еңбек демалысында болғанын жеткізді.
Ақмола облысы ПД баспасөз қызметі мәйітте зорлық-зомбылық белгілері жоқ екенін де нақтылайды.
Қажетті сараптамалар тағайындалды.