Ақмолада полиция бөлімі бастығының орынбасары жоғалып кетті
Ақмола облысында із-түзсіз жоғалып кеткен Зеренді ауданы полиция бөлімі бастығының орынбасары екінші тәулік іздестіріліп жатыр, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Тұрар Дүйсенбиннің әйелі күйеуі жоғалып кеткені туралы өтініш-арызбен 23 маусымда полицияға жүгінген. Сол кезден бастап полиция қызметкерлері, әскери қызметкерлер мен волонтерлар Ақмола облысында жоғалған полицейді жаппай іздеп жатыр, деп жазады sinegor.kz.
"Жұбайының айтуынша, Т. Дүйсембин 20 маусымда үйден белгісіз бағытқа шығып кетіп, содан бері оның қайда екені белгісіз. Сондай-ақ, қазіргі уақытта Т. Дүйсембин бұйрыққа сәйкес кезекті еңбек демалысында екенін хабарлаймыз" – деп мәлімдеді Ақмола облысы ПД баспасөз қызметі.
Полиция кез-келген ақпаратқа ие адамдарды құқық қорғау органдарына хабарласуды сұрайды.
Айта кетсек, 8 маусымда Жетісу облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі Текелі қаласының маңындағы тауларда бұрын жоғалып кеткен 36 жастағы алматылық Дамир Көшеевтің тірі табылғанын хабарлады.