"Алтын орда" базары төңірегінде тағы да дау шықты

"Алтын орда" базары төңірегінде тағы да дау шықты

Атышулы "Алтын орда" базарынан тағы дау шықты. Бұл туралы сауда-логистикалық орталықтың желідегі ресми парақшасында жазылған, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі KAZ.NUR.KZ-ке сілтеме жасап.

Сауда орталығының мәліметінше, "Алтын орда" базарының атқарушы директоры Эрмек Марқабаевтың BMW маркалы автокөлігінен 4,5 млн теңге ұрланған.

 

"Автокөлік Қарасай аудандық полиция басқармасының аумағында тұрған. Бұл ақпаратты құқық қорғау органының өзі хабарлады. Кезекші маманның рапортына сәйкес, көліктің терезесін белгісіз біреулер шағып, 4,5 млн теңге қаражатты қолды қылған. Полиция қазір аталған қылмысты кім және қалай жасағанын анықтап жатыр. Осы орайда бірнеше сұрақ туындайды. Мәселен, полиция басқармасының қатаң күзетілетін аумағына кім кіруі мүмкін және қалай? Келтірілген шығынды кім өтейді? Автокөлікті кім орнына келтіреді? Қылмыстық іске еш қатысы жоқ және ішінде 5 млн теңгеге жуық қаржы болған көлікті басқарманың аумағына қою қаншалықты маңызды еді?", - делінген хабарламада.

 

Алматы облыстық полиция департаменті аталған жайтқа пікір білдірді.

 

"Ағымдағы жылдың 02 маусымында Қарасай аудандық полиция бөліміне BMW Х7 автокөлігімен келе жатқан белгісіз тұлғалар атыс қаруын заңсыз тасымалдап, сақтауы мүмкін деген хабарлама келіп түскенін хабарлаймыз.

Автокөлікті тексеру барысында көліктің алдыңғы бөлігіндегі қобдишада 4 млн 500 000 теңге көлеміндегі белгісіз біреулер ұрлап кеткен делінген ақшаның сақталғаны анықталды.

Аталмыш факті Қарасай ауданы бойынша сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай тізілімінде 188- бабы, 3-бөлігінде қарастырылған қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бойынша тіркелді.

Қазіргі уақытта қылмыстық фактінің толыққанды және жан-жақты зерттелуін қамтамасыз ету үшін жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде", - деді ПД баспасөз қызметінің өкілдері.

 

Айта кетелік, бұған дейін "Алтын орда" базары басшысының орынбасары ұсталғаны туралы ақпарат тараған болатын. Кейін желіде бір топ ер адамның "Алтын Орда" базары маңын торуылдап жүргені туралы түрлі бейжазбалар тарады.

Базар басшылығының сөзінше, бұл адамдар базардың күзет қызметін өз қолдарына алу үшін келген.

Сонымен қатар БАҚ-та Алматы маңындағы "Алтын Орда" базары директорының орынбасары ұсталғаны жайлы ақпарат пайда болған еді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста