Алматыдағы неврологиялық орталықта әйел баланы ішінен тепкен
Алматыда неврологиялық орталықта кішкентай баланы ұрған әйел сынға ілікті, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Stan.kz-ке сілтеме жасап.
Оқиға түсірілген видео әлеуметтік желілерде тарады. Кадрда баланың орындықта отырған әйелмен ойнап тұрғанын көруге болады. Бір сәтте әйел балаға қарай аяғын көтереді. Әрі қарай, бала әйелді аяғынан тепкілей бастайды, оған жауап ретінде әйел бар күшімен баланың асқазанынан теуіп жібереді. Соққыдан бала жылай бастайды.
Желі қолданушылары әйелдің бұл әрекетіне наразы болды. Дегенмен, оның әрекетін ақтап жатқандар да бар:
“Қорқынышты, сұмдық, неге онша кұшпен тебеді?”, "Мұндай әрекеті үшін әйелді жауапқа тарту керек, баланы ұрудың не қажеті бар?, "Біздің заманда балалар үлкендерге авторитет болды. Агрессивті балалардан агрессивті ересектер шығады. Әрине, әйел теппеуі керек еді. Ақымақтық жасады. Бірақ баланы да тәрбиелеу керек", "Осы жерде менің сұрағым бар, балаға үлкендерге қолын көтеріп, тепкілеуді кім үйретті, ата-анасы әдепке үйретпесе, басқалар үйретеді", – деп жазды олар.