Алматыда журналистерге жасалған шабуылдарды үйлестірген шетел азаматы ұсталды
Ішкі істер министрлігі мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ведомствоаралық жедел-тергеу тобы БАҚ өкілдеріне шабуыл ұйымдастырған топтың жолын кесті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл топ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне қарсы 30-дан астам арандатушылық шабуыл жасаған, деп мәлімдеді "Qazaqstan" телеарнасы.
Топ мүшелеріне Қылмыстық кодексінің бірнеше бабы бойынша айып тағылуда.
"Алматыда арандатушылық шабуылдардың тікелей үйлестірушісі – шетелдік азамат, білікті хакер О.Токарев ұсталды. Оның уақытша тұрып жатқан жерінен шабуылдарды басқару, анонимді Telegram аккаунттарда "тапсырыстар" беру, орындаушыларды табу және олардың акцияларына ақы төлеу жүргізілген техника табылып, тәркіленді".ҚР ІІМ Иммидждік жұмыс және ішкі коммуникациялар департаментінің бастығы Альбина Махамбетова
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Ведомство өкілдері тергеу мүддесіне сәйкес басқа мәліметтер жария етілмейтінін атап өтті.