Алматыда тойға жиналғандар өрт шалған тойханадан қашып шықты

Алматыда тойға жиналғандар өрт шалған тойханадан қашып шықты

Алматыда бес бірдей нысанды күлге айналдырған өрттен келген шығын есептеліп жатыр, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі КТК.kz-ке сілтеме жасап.

Оттың нақты неден тұтанғаны да әзірге белгісіз. Қызыл жалын той өтіп жатқан мейрамхананы да шарпып өткен. Соның кесірінен қуаныш иесі салтанатты шараны кейінге қалдыруға мәжбүр болған. 

 

Нұржан, тойхана иесі:

 

- Адамдар болды. Бірақ ана жақтағы көрші ғимарат жанып жатқан кезде шығарып үлгердік. Шығып кетті. Мына аумақтың бәрін босаттық. Өрт сөндірушілер жұмыс істеді. Бірақ бәрібір қатты жалын болды. Банке залы ғой. Енді есептеп бәрін жасап шығамыз. Кінә бізден емес, бізден шыққан жоқ. Басқа жақтан келген өрт.

 

Гараждан шыққан өрт күшіне мініп, жапсарлас орналасқан дәмханаға жеткен. Абырой болғанда кафенің ішіндегі адамдар сыртқа шығып үлгеріпті. От сол маңдағы мейрамхана мен фаст-фуд сататын нысандарға да жеткен.

 

Бар-жоғы 20 минуттың ішінде қызыл жалын 3 мың шаршы метр аумақты жалмап үлгерген.

 

Ешкім зардап шеккен жоқ. 

 

Абай Асылбаев, Әуезов ауданы төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы:

 

- Өрт 20 сағат 00 минутта оқшауланып, 16 минутта жойылды. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр. Өрт сөндіруге төтенше жағдайлар қызметі, 64 адам бірліктіріліп, 18 техника жұмылдырылды. «Алматы судың» екі техникасы, «Алматы тазалықтан» бір техника істеді.

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста