Алматыда бургер сататын дүңгіршек өртенді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "ҚазАқпарат"-қа сілтеме жасап.
Алматыда бургер сататын ГИППО дүңгіршегінің өртеніп жатқан видеосы желіге тарады.
Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, өрт Алмалы ауданы, Сейфуллин даңғылы, 541 үйдің маңындағы бургер сататын ГИППО дүңгіршегі сағат 08.49-да өртенгені тіркелді
«Өрттің жалпы аумағы 15 шаршы метрді шарпыды. Өрттің таралу қаупі болған жоқ. Өрт сағат 09.14-те өшірілді. Оқыс оқиғадан ешкім зардап шекпеген. Оқиға орнында 11 өрт сөндіруші мен 4 техника жұмылдырылды. Өрттің шығу себебі анықталуда», - деп хабарлады Төтенше жағдайлар департаметінен.