Алматыда бойжеткен 19-шы қабаттан секіріп кетті

Алматыда бойжеткен 19-шы қабаттан секіріп кетті

Алматыда қайғылы жағдай болды. Аяқ киімі мен телефонын қалдырып, 19-шы қабаттан секірген бойжеткеннің өлімін қазір полиция тергеп жатыр, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі КТК.kz-ке сілтеме жасап.

Көп қабатты тұрғын үй кешеніне қыздың қалай келгені, балконға қалай көтерілгені бақылау камерасына түсіп қалған.

 

Куәгерлер не дейді?

 

Марқұм сол жердің тұрғыны ма?   

 

Қара аяқ киімі, көк оттығы мен телефонын қалдырған. Дүрс еткен дауысты естіген тұрғындар өре түрегеле далаға атқып шығады. Бойжеткен сағат 13:50 шамасында тұрғын үй кешенінің 19-шы қабатынан секірген. Оқиға орнына полиция он минутта жеткен. Мәйіт жатқан жерге құм сеуіп тастаған.

 

Ал бақылау камерасына жауапты мамандардың айтуынша, марқұм Брусловский көшесі жағынан келіп, есіктегі құпия сөзді жазып, ары қарай жеделсатымен жоғары көтерілген.

 

Тахир Шынболатов, бақылау камерасына жауапты маман:

 

- Жеделсатыдағы камераны да қарап шықтық. Жалғыз өзі көтерілген. Дәлізге қалай кіргенінен бастап бәрі анық көрінеді. Бұл үйдің тұрғыны ма, әлде сырттан келген бе, ол жағын білмедік.

 

Тергеуге байланысты бақылау камерасының видеосын көрсетпеді. Дегенмен осы кешеннің тұрғындары ол әңгімені айна-қатесіз қайталап тұр. Жаға ұстататын жағдайдан соң, көбі балаларын сыртқа шығармаған.

 

Қали Одақбай:

 

- Чаттан біреу секіріп кеткенін естідім. Баламмен далаға шығайын деп жатқанмын. Терезеден қарасам, мына жерде жатыр екен. Сырт жағын бәрін қоршап қойған. Баламен далаға шығуға қорықтым. Содан кейін күттім, бәрін алып кеткенін ...

 

Полицияның мәліметінше, суицидке барған В. есімді арудың жасы 23 те болған. Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу бабымен іс қозғалды.

 

Салтанат Әзірбек, Алматы ПД ресми өкілі:

 

- Алматы полиция департаменті, аталған деректі Бостандық аудандық полиция басқармасы ҚР ҚК 105-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіміне тіркеді. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Оқиғаның басқа да мән-жайы анықталып жатыр. 

 

Тапа-тал түсте 19-шы қабаттан секіруіне не түрткі болғаны марқұмның өзіне ғана аян. Бәлкім тергеуде телефонынан тың дерек табылып қалар.

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста