Алматыда біреумен аймаласып тұрған қызының үстінен түскен жігіт кек қайтарды (видео)

Алматыда біреумен аймаласып тұрған қызының үстінен түскен жігіт кек қайтарды (видео)

Ол қалтасынан тапаншасын шығарып, шүріппені басады.

Алматы қаласы Жетісу ықшам ауданында 2016 жылдың 22-желтоқсанында орын алған оқыс оқиғаның мән-жайы анықталды деп хабарлады Рatrul.kz.

Аймаласып тұрған қыз бен жігіттің жанына келген жас тапаншасын шығарып, бірнеше рет оқ атады. Не болғанын түсініп үлгермеген адам қызды тастай сала тұра қашады. Бастапқыда подъезге тығылады, одан кейін үйден атып шығып, көшеге қарай қаша жөнеледі. Ал тапаншасы бар жігіт оның ізіне түседі. Бұл оқиғаның куәсі болған қыз болса, сол орнында қатқан күйі қалады.

Атылған оқ зәбір көрушінің құлағына тиген екен.

Алматы ішкі істер департаменті анықтағандай, бұл фактіге қатысты қозғалған сотқа дейінгі тергеу ісінің жалғасып келе жатқанына бір ай болыпты.

— Қылмыс Әуезов ауданындағы Жетісу ықшам ауданында 2016 жылы 22-желтоқсанда түнде орын алған. Оған қатысты іс Сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне 293-баптың 3-тармағы, яғни «Қару кезену бұзақылығы» бойынша тіркелген», — деп мәлім етті Алматы ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Белгілі болғандай, қыз сол күні жігітімен кафеде демалыпты. Одан кейін арада дау-дамай туып, жігіті кетіп қалған. Бірақ ашуын басқан ол кафеге кері оралғанда қызды таппай қалады. Сұрастыра келе, қыз жалғыз қалғанда көрші үстелде отырған әлдекіммен шүйіркелесіп, сонымен кеткенін біледі. Мұны білген жігіт қыздың үйіне қарай тура тартады.

Ал үйдің алдына келгенде құшақтасып тұрған қос жанды көреді. Қаны басына шапқан жігіт еш ойланбастан тапаншасын алып, атқылай бастайды. Ақыры қызына көңілі түскен адамды өкшелей қуып жеткен ол түгін қалдырмай сабап тастайды.

Кейіннен белгілі болғандай, шабуыл жасаушының қолындағы тапанша еш жерде тіркелмеген болып шықты. Әбүйір болғанда, ол қаруды жеткілікті деңгейде игермеген екен. Оның атқан оқтарының бірі ғана зәбір көрушінің құлағын жанап өткен. Медициналық көмек көрсетілген соң ол үйіне босатылған.

— Криминальдық полиция басқармасы қызметкерлерінен іздеу тобы құрылды. Күдікті өзін іздеп жатқанын біле тұра, тығылып жүрді. Алайда 10 күннен кейін ол Алматыда ұсталды. Бастапқыда ол уақытша тергеу изольяторына қамалды, 3 тәуліктен соң сотқа жеткізілді, — дейді Салтанат Әзірбек.

Сотта прокурор оны дереу қамауға алуды сұрағанмен, сот оны ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатыпты. Қазір тергеу жалғастырылып жатыр.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста