Алматыда 16 қабатты үйдегі өрт: зардап шеккен бір әйел қайтыс болды

Алматыда 16 қабатты үйдегі өрт: зардап шеккен бір әйел қайтыс болды

Алматының Ақкент шағын ауданындағы көпқабатты үйден шыққан өрттен зардап шеккен бір әйел қайтыс болды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы Алматының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.

 

Ведомствоның мәліметінше, барлығы 43 адам зардап шеккен. 4 бала жансақтауда жатыр, тағы төртеуі медициналық көмектен кейін амбулаторлық емдеуге жіберілді, үш баланың ата-анасы ауруханаға жатқызудан бас тартты.

 

"12 ересек қалалық көпбейінді ауруханаларға жеткізілді, соның ішінде 5 адам ауруханаға жатқызылды, басқалары қажетті жедел медициналық көмек берілгеннен кейін амбулаторлық бақылауға жіберілді. Өрттен зардап шеккен қалған адамдардың жағдайы тұрақты. Бір әйел көптеген жарақаттан қайтыс болды", - делінген хабарламада.

 

Кейбір тұрғындарға оқиға орнында медициналық көмек көрсетілген.

 

Еске салайық, кеше Алматыдағы Ақкент тұрғын үйінде өрт шыққаны хабарланды. Кейін өрттен зардап шеккендер саны анықталды.

 

Ақкент тұрғын үй кешенінің тұрғыны Дидар өрт туралы айтты. Ол - өрттен аман қалған тұрғындардың бірі. Ал Тілеужан Ахметжан есімді жігіт өрттен 6-7 адамды құтқарып алған. Ер адам 1 жасар баланы, көршінің отбасы, бір жігітті және полиция қызметкерін аман алып қалды. 

 

Ал Түркия азаматы Шүкүр Гюнай Ақкенттегі өрт кезінде 16-қабатта қалған балаларды құтқарған.

 

 

 

Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста