Алматы облысында газ құю станциясынан өрт шықты

Алматы облысында газ құю станциясынан өрт шықты

Алматы облысының Саймасай ауылында газ құю станциясында өрт болып, 2 адам ауруханаға түсті. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлімдеді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі “Адырна” порталына сілтеме жасап.

Мәлімет бойынша, оқиға кеше, 19 тамыз күні сағат 17:50-де Еңбекшіқазақ ауданы, Саймасай ауылы, Рысбеков көшесі, 1а мекенжайында болған.

 

«Өтебаева» жеке кәсіпкерлігіне тиесілі Саймасай ауылының газ құю станциясында газ баллоны жанып, от сақтау және сату үшін арналған контейнерлік үлгідегі қоймаға көшкен.

 

Газ баллондарының жаппай жануы (шамамен 40 дана) және жоғары температураның пайда болуы салдарынан өрт қойманың жанында тұрған «ЗИЛ» газ құю машинасына ауысты. Көлемі 3 текше метр көлік газға толы болған.

 

Одан бөлек, қоймада әртүрлі сыйымдылықтағы шамамен 260-300 дана газ баллондары болған. Бұдан бөлек, қойманың жанында газбен толтырылған көлемі 4 текше метр жерасты қоймасы орналасқан.

 

Оқиға орнына келген алғашқы бөлімшелер жедел іс-әрекет етіп, газ құятын автомобильдің, газы бар жерасты қоймасының, сондай-ақ қоймадағы қалған баллондардың жарылу қаупінің алдын алды. Өрт орнына «жоғары шығу» дәрежесі бойынша шығу кестесіне сәйкес бөлімшелер жіберілді. Жалын сағат 18:28-де оқшауланып, сағат 18:45-те толығымен жойылды. Өрт салдарынан газ құю станциясының 2 қызметкері әртүрлі дәрежеде күйік алып, жедел медициналық жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды, - делінген ТЖМ хабарламасында

 

Жарылыстың туындау және жалынның 30 метр қашықтықта орналасқан тұрғын үй алабына ауысу қаупі болды.

 

 

Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста