5 қаңтар күні Абай облысы Аягөз ауданы Шынқожа ауылынан 10 шақырым жерде полиция қызметкерлері қарда тұрып қалған үш жеңіл көлікті эвакуациялады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі POLICE.KZ-ке сілтеме жасап.
Қар құрсауында қалған үш көлікте жалпы саны 10 адам болған. Оның ішінде 3-8 жас аралығында 4 бала бар.
Эвакуацияланғандар Шынқожа ауылының мешітіне орналастырылды.
Оларға азық-түлік және басқа да қажетті заттар беріледі.