Абай облысы ПД табыт шынымен табылғанын хабарлады. Оның ішінде адам қалдықтары болмаған, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі POLICE.KZ-ке сілтеме жасап.
Ер адамның денесі 8 қаңтарда Алматыдан Семей қаласына, кейін Көкпекті ауданына жерлеу үшін тасымалданғаны анықталды. Мәйітті тасымалдау үшін пайдаланылған табыт әуежайдың жанында қалды.
Осы факт бойынша 32 жастағы туысына қатысты жақын арада қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабы бойынша әкімшілік хаттама жасалады.
Осы баптың санкциясы 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.