Түркістан облысы Келес ауданында суға батып кеткен 11 жастағы қыздың денесі табылды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Нalyq-uni.kz-ке сілтеме жасап.
Ошақты» каналына құлап кетіп, содан қайта шыға алмаған. Оқиға Абай ауылында болған.
Оқиға кезінде жасөспірімнің қасында болған құрбысы оның ойнап жүріп, абайсызда суға батып кеткенін айтқан. Қыз баланың мәйіті, құлаған жерінен төмен қарай 5 шақырым жерден табылып, судан шығарылды.
Келес аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері Шыңғысхан Уатбаевтың айтуынша, 4 сынып оқушысы Ошақты каналының маңында жүріп, абайсызда суға түсіп кеткен.
Оны іздестіру мақсатында Төтенше жағдайлар басқармасының екі қызметкер, 19 өрт сөндіру бөлімінен төрт қызметкер, полиция бөлімінен сегіз қызметкер, жергілікті атқару органдардан төрт қызметкер және туыстардан 12 адам іздестіру жұмыстарына жұмылдырылды.
Іздестіру кезінде Ошақты каналының суы уақытша тоқтатылып, түсіп кеткен жерінен шамамен 5 шақырым жерден қыздың денесі төрт сағаттан кейін шығарылды.