Диқанкөл қымызы бал татиды

Диқанкөл қымызы бал татиды

Төлеби ауданындағы тау етегін жағалай жайғасқан Диқанкөл ауылына түскен келіннің бірінші кезекте бие сауа алатындығы сұралады. Сауа алмаса, үйретеді. Үйрене алмағандар абыройсыз, жұқартып айтқанда, кәсіпсіз қалуы әбден мүмкін. Өйткені бұл ауылдың тірлігі де, әңгімесі де, несібесі де, бір сөзбен айтқанда, қызығы мен шыжығы қымызбен байланысты. Бұл – бертінде қолға алынған күнкөріс қамы емес, жылдар бойы жалғасып келе жатқан атакәсіп.

Диқанкөл қымызының дәмі ерекше, бал татиды. Оның құпиясы, қымыздың баптауы мен шөптің шүйгінділігіне байланысты деседі. Қымызшылар күбіні ыстық сумен тазалап жуып, киікотымен ыстайды. Ол үшін шөпті тұтатып, күбінің ішіне түтін толтырады. Түтін ыдыстың аузынан сыртқа шыққанда жаңа сауылған сүтті құйып, бетін жауып қойса, киікотының хош иісі сүтке сіңеді. Бірақ шамадан тыс ысталған күбіде дайындалса, дәмі қышқыл болып кетуі де мүмкін. Ауылдықтар қымыз сапалы болуы үшін түнде ұйқыдан тұрып, күбі пісуді де ұмытпайды. Қымыздың құнан қымыз, дөнен қымыз, бесті қымыз деп аталатын түрлері бар. Көктемде көк шөп жеген биенің сүті сұйық, ал күзде шөп қатайған сайын құнары қоюланатын көрінеді. Сондықтан күздегі қымызды «күйеуге бермейді» деген де сөз бар. Мұның құнары бәрінен де күшті болып келеді. Жаңа сауылған бие сүті асқазан, бауыр ауруларына таптырмайтын ем.

– Қымыздың құрамында сегіз градус спиртті қышқыл бар екендігі зертханада дәлелденген. Ал бұдан ащы дайындалса, 12 градусқа дейін жетеді. Бабаларымыздың «қымыз іштім, қызара бөрттім» деп жас кездерін еске алып отыратын сөздері осыдан қалған. Бірақ дайындалған бие сүті кейбіреулердің қан қысымын көтеріп жіберуі мүмкін, сондықтан денсаулығында кінәраты барлар тек саумал күйінде ішкені абзал, – дейді Жолдыбай ата.

Бүгінде ауылдағы 300 үйлі отбасы осы кәсіппен жан бағып отыр. Тіпті Диқанкөлге шетелдіктердің де аңсары ауып, ауыл экотуризм орталығына айнала бастады. Туристерді қабылдайтын орын ретінде Ұлбосын Қабылова мен ұлы Ерланның шаңырағына алынған сертификат бар. Сондай-ақ Батыс Тянь-Шаньның биологиялық алуан түрлілігін сақтау жобасы аясындағы Еуроодақтың бағдарламасы бойынша кіші гранттар ұтып алған. Дания, Голландия, Польша, Англия сияқты алыс елдерден келген қонақтар қымыз жайында көптеген мәліметтер алады. Оларға бие сауу, күтім жасау мен қымыздың қалай дайындалатыны көрсетіледі. Демек, Диқанкөлдің қымызы енді шетелге де танылуда.

Ерлан Қабылов, фермер:
– Бұл кәсіппен 2005 жылдан бері айналысамыз. Еліміздің әр аумағынан демалушылар немесе ем қабылдайтындар интернет арқылы біліп келеді. Оларға төрт бөлмелі қонақүй қызметін ұсынамыз. Ең алғашқы турист Швейцариядан келген болатын. Шетелдіктердің күнделікті тұрмыс-тіршілігімізге, ас-суымызға таңғалып, көрсеткен қызметімізге алғыс айтып жазған қолжазба естеліктері бар. Бернардо деген азаматтан шет тілін оқып үйрендік, мен өзім олармен ағылшынша тіл табыса аламын. Биыл Даниядан келген Карл деген жігіт төрт күн бойы тауға жаяу шығып, табиғатты тамашалады. Ал германиялық Ангелина мен Катя ипподромда ат спортымен айналысады екен, ауылдағы бойы ең биік жылқыға мініп, таң-тамаша болды.

Диқанкөлге барған әрбір адам қазақ үшін жылқыдан артық мал, қымыздан артық сусын жоқ екенін түйсініп қайтады. Ауылдағы 300 үйлі түтіннің атакәсіпке адалдық танытып, айрандай ұйып отыруы қазақтың нағыз айтулы ауылы деп мақтанарлықтай! Диқанкөлдің қымызы – қазақтың қымызы!

Қазір Шымкентте, облыстың өзге де өңірлерінде қымыз саудасын қыздырғандар қулыққа көшетінді шығарған. Қай жақтың қымызы екенін кім дөп басып айтсын, сұрағандарға «Диқанкөлдің қымызы» деп қойып қалатындар қатары көбейіп келеді. Бұл, бір жағы, Диқанкөл қымызына жасалған жарнама болғанымен, дәмсіз дайындалған қымыздар кесірін тигізуі де мүмкін. Сондықтан дәмсіз «Диқанкөл» қымызын іше қалсаңыз, «самопал» деп білерсіз. 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста