Динагүл Тасова жақында ғана Петропавлда өткен сән көрсетілімінің хедлайнері ретінде подиумға шықты. 28 жастағы модель әрі экс-депутат сән көрсетілімі кезінде шілтерлі матадан тігілген жейдені жалаңаш денесіне киіп, омырауын ашық көрсетті. Бұл көпшілік арасында қызу талқыға түскен соң, Тасова өзінің әрекеттеріне түсінік берді деп хабарлайды "Еуразия бірінші арнасына" сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Динагүлдің бұл алғашқы ашық образдары емес. Модель бұған дейін де сахнаға төсін жалаңаштап шыққан еді.
Қалың елге төсін көрсеткен модельге тіпті жігіті де қол көтерген. Алайда оның айтуынша, экс-ғашығы істеген ісіне қазір өкінетін көрінеді.
Петропавлда өткен көрсетілімнен соң, атышулы жұлдыз халықтың тек өзін ғана талқылап жатқанын айтады.
"Мүмкін төсімнің әдемі болғандығынан шығар. Бір жыл бұрын маммопластика жасаттым. Мен тәнімді саудалап жатқан жоқпын, бұл - подиум, бұл - дизайнерлердің образы!", - деді бұрынғы депутат.
Динагүл бұл жағдайға туыстарын араластырмауды сұрайды. Ол бір кездері ашық суреттерін "әкеңе көрсетемін" деп, сес көрсеткендер де болғанын айтты.
"Оның ешқандай қатысы жоқ екенін айтқым келеді, мен - ересек адаммын және өзім шешемін. Егер бұлай жалғаса берсе, әрқайсысымен жекелеп соттасамын", - деп қорқытты Тасова.
Телеарна тілшілері қазақстандық модельдің фотосын көрсетіп, қала тұрғындары арасында сауалнама жүргізіпті.
Адамдар көбісі қыздың сырт-келбетін сынға алған. Ол жастарды құртады, бұл ерсі деген пікірлер айтылды. Тіпті фотоны бірінші рет көргендер қатты таңқалған.
"Өзінің ғажайыптарын көрсетілімге қоятын қызым болғанын қаламас едім", - деді сауалнамаға қатысқандардың бірі.
Еске сала кетейік, атышулы сәнқой Динагүл Тасова кезекті рет төсін жалаңаштап, сән сахнасында өнер көрсеткен еді. Желідегілер қазақ қызының ерсі қылығына шүйлігіп, оны сынның астына алған болатын.