Ернар Айдар жуырда көптен күткен бесжылдық концертін бермек. Өміріндегі маңызды кешіне күні-түні дайындалып жатқан әнші концертке жас келіншегін апармайтынын айтты. Оның айтуынша, келіншегі үйде жалғыз қалады.
Бұл туралы ол "Той Думан" арнасына берген сұхбатында айтты.
"Ол келіп не істейді? Мен ән айтамын болды. Ол әнші емес, биші емес, тамақ істеуді енді үйреніп жүрген адам. Кішкентай қыз. Үйде отырады. Үйде ешкім болмайды, айтпақшы. Үйге қарап отырады", - деді ол.
Сонымен бірге әнші осы кеші арқылы қиын кезеңде өзіне қолдау білдірген халқына алғысы айтқысы келгенін айтады.
"Кештің басты жаңалығы Ернар Айдар қайтадан сахнаға келді. Әнін айтып жүр, сіздердің тілеуіңізбен. Сіздерге үлкен рахмет деген концерт қой", - деді Ернар Айдар.