«Жанымыз егіз»: Ерке Есмахан Райм туралы жазба жариялады
Ерке Есмахан Райм лақап атымен танылған Райымбек Бақтыгереевпен бірге түскен фотосын Instagram-дағы сторисіне жүктеп, арқасүйеріне ризашылығын білдіріп, жазба жариялады.
"Қазақ ер азаматтың басын алтынға теңеп, ерекше құрметтейді. Әр қазақ отбасында тәрбие сондай: үлкен болсын, кіші болсын ер адамды сыйлайды. Мен дәл бүгін "жүрегімнің иесіне" ризашылығымды білдіргім келіп тұр. Мен үшін, біз үшін, біздің махаббатымыз, болашағымыз үшін әлемге қарсы тұрып, өз қазағымыздан мені қорғап, "өсек", "хайп" атты майданда жүр Райымбек батыр. Батыр атына лайық жігітім иманымен, ер жүрек шыншылдығымен, қарапайымдылығымен, риясыз мені сүйе алатын, ақынжанды болмысымен ерекше. Тым тұйық болса да, жан сырын мен өте жақсы түсінемін. Жанымыз егіз", - деп жазды ол.
Сонымен қатан, Ерке Есмахан тыңдармандарынан, оқырмандарынан артық нәрсе айтпауын өтінген.
"Менің арқасүйерім тек қошеметке, құрметке лайық, мақтауға тұрарлық адам! Ал мен қасындамын, алтын басын төрге шығарамын. Тыңдарман, оқырман, артық сөздің бәрі қажет емес. Махаббат - ұлы күш! Әлемді құтқарады! Әр қазақ қызына Райымбектей нағыз жігіт бұйырсын. Жалғыздық бір Аллаға жарасады. Баршаңызға жақсылық тілеймін", - деп жазды әнші.