Той – кішкентай "жұлдыздардың" табыс көзі... (Видео)

Той – кішкентай "жұлдыздардың" табыс көзі... (Видео)

Жақында бір ағайындардың тойына бардым. Қазіргі таңда қазақтың тойына барғанда ештеңеге таңғалмайтын болдық қой. Ғылымда жаңалық ашпаса да, тойды бірінен-бірі өтіп түрлендіріп жасайтын халқымыздың дархандығына сөз жоқ. Мен үшін осы тойдағы жаңалық, ағайынды кішкене балалардың өнері. 11 жастағы әнші бала Жандаәулет пен Нуни атты 4 жастағы кішкене баланың бұлтыңдап билегені еріксіз езу тартқызды. Еңбектеген баладан еңкейген қарияға дейін жиылатын қазақтың тойларында Нуни секілді ерекше әнімен, биімен танылып жатқан таланттар көп бүгінде. Осы орайда "Алаш айнасы" тойшы қауымның көңілін көтеріп жүрген кішкентай «той жұлдыздары» туралы сөз қозғамақ.

Той десе басқа тірлігінің бәрін жиып тастап, қу басы домалайтын жұртшылық жақсы біледі, осыдан біраз уақыт бұрын той залдарына бір топ бала келіп брэйк-данс билеп, ортаға табақ қойып тойшы қауымнан ақша жинап кететін. Қазіргі кезде тойдағы билердің түрі көбейе түскен. Шығыстың бөксе биі дейсіз бе, жұлқынған жынды би дейсіз бе, жалаңаштанған стрептиз дейсіз бе, қысқасы бидің түр-түрі биленеді. Сондай-ақ кейінгі кезде тойда кішкентай балалардың ән айтып, би билеп, өнер көрсетуі жиіледі. Балалардың қуанышты тойларда өнерлерін ортаға салғанында тұрған не бар деп ойлап отырған боларсыздар. Әрине, бәрімізде қуанышты тойларымызда балаларымыз, туған туыстарымыздың балалары өнер көрсетіп жатса, оған ешқандай қарсылық жоқ. Бірақ қазіргі кезде кіп-кішкентай балалар тойларға арнайы шығып табыс тауып жүр.

Айталық, жоғарыда атап өткен Жандәулет пен Нуни атты ағайынды балалар бір күнде бірнеше тойға барып бірі ән айтып, бірі билейді екен. Оларды көлікпен таситын әкелері Марат. Балалардың әнін жаздыруға, киімдерін алуға әжептәуір қарсы жұмсайтын ата-аналар, балаларының тойда табыс табуына мүмкіндік жасап қойған.
Той залында өздерін емін-еркін сезінетін әнші-биші балаларға тойға жиылған жұрт қойны-қоншыларына ақша қыстырып жатады немесе арнайы қойылған табаққа ақша тастайды. Тойда өнер көрсетіп жүрген балалардың айтуынша, олар ақша молдау түскен сайын қанаттанып, шабыттана түседі екен. Ал үлкендер балаларды түнделетіп тойдан тойға тасып, олардың еңбегін пайдаланып, өнерін сатуға неге сонша құмар?

Біз көпшілік назарына ғаламторда кең тараған кішкентай «той жұлдыздарының» видеосын ұсынып отырмыз.

Той – мереке, қызық думан, той – ағайын-туғанның басы қосылатын салтанатты жиын, той – ұлттық дәстүріміз жаңғыратын мәдениет ортасы, той – бизнес. Қазіргі кезде тойдың тағы бір пайдасы – той арқылы өнер адамдары көпшілікке танылуға мүмкіндік алады, танымалдықдың арқасында табыс табатындары бесенеден белгілі. Міне, той арқылы «кішкентай жұлдыдарды» миллиондар танып жатыр. Бірақ бесіктен белі шықпаған періштелерімізді кішкентайынан тойдағы ақшаға тәуелді етіп қойғанымыз қаншалықты дұрыс. Той-томалақта тиын-тебен табуға әуестенген баладан өнердің парқын түсінетін азаматтар шығар ма екен? Қалай ойлайсыз?

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста