Танымал әнші Серік Ибрагимов "Дарын" сыйлығының иегері атанды (фото)

Танымал әнші Серік Ибрагимов жыл сайынғы республикалық "Дарын" сыйлығының иегері атанды деп хабарлайды NUR.KZ.
 

Бұл туралы әнші өзінің Instagram парақшасында айтты.

"Аллаға сансыз шүкір! Мен үшін тариxи күн! Қазақстан республикасы үкіметінің "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығы лауреаты болдық! Әуелі Алла, ата-анама, жанұяма, отбасыма, жан-жарыма, бауырларыма, жақындарға, ұстаздарыма, достарыма, сазгер ақындарға, өңдеушілерге, мені қолдап жүрген барша жанашыр көрерменге мың алғыс!", - деген ол өзінің бұрынғы продюсеріне де алғысын жаудырды.

Еске салсақ, бүгін Астанада «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаттарын салтанатты түрде марапаттау рәсімі болып өтті.

Ол 10 номинация бойынша, яғни әдебиет, ғылым, бейнелеу өнері, журналистика, классикалық музыка, қоғамдық қызмет, спорт, театр және кино, эстрадалық өнер, халық шығармашылығы саласында үздік деп танылған жастарға берілді.

«Эстрада» номинациясы бойынша эстрада әншісі Серік Ибрагимов, Қазақ ұлттық өнер университетінің студенті Рүстем Жүгінісов жеңіске жетті.

Ал «Классикалық музыка» номинациясы бойынша «Young Eurasian Soloists» камералық оркестрінің солисі Шернияз Мұсахан мен «Астана Опера» Ұлттық опера және балет театрының әншісі Мария Мудряк «Дарын» сыйлығын алды.

Nur.kz
Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста