Қазақ өнерінде өзіндік қолтаңбасы бар, әнші Роза Әлқожа інісі Әбдіжаппар сыйлаған көлікті алғаш рет жұртқа көрсетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Әбдіжаппардың сыйлығын Роза Instagram желісіндегі парақшасында жариялады.
"Інім сыйлаған "сүлік қарамен" бір сүгірет! Қолымдағы сөмке де құрбым Сандуғаштың сыйлығы. Өзің ештеңе алмайсың, рахат", - деді ол суреттің жазбасында.
Бұны көрген желі оқырмандары өнер иесін құттықтауды ұмытпады.
"Құтты болсын тұлпарыңыз. Осындай құнды сыйлық алып тұрсаңыз еңбегіңіздің бағалануы деп түсініңіз", "Әпкесін сыйлап жатқан Әбдіжаппар нағыз азамат", " Несібеңізден айырмасын әпке", - деген пікірлерін қалдырды.
Еске сала кетсек, Роза Әлқожа 37 жас туған күнінде Алматы қаласында жеке концертін берді.
Осы кеште Әбдіжаппар әпкесіне өзі мініп жүрген көлігін сыйға тартты.