«Секс не үшін керек?»: Жан Ахмадиев пен Әсел Ергешқызы «Жабық тақырып» жөнінде ашық сөйлесті (ВИДЕО)

Әсел Ергешқызы «ондайды экран арқылы ашықтан-ашық қабылдауға біздің қоғам дайын емес» деген Ахмадиевтің сынынан өзінің «сүйікті» тақырыбын қызылкеңірдек болып қорғап шықты.
Журналист Аман Тасығанның Youtube арнасындағы «New Old Qazaqtar» бағдарламасының кезекті шығарылымы жыныстық сауаттылыққа арналды. Оған «Жабық тақырып» атты бағдарламасы арқылы көрерменге сексолог, уролог, гинеколог сынды білікті мамандардың кеңесін ұсынып жүрген журналист-блогер Әсел Ергешқызы мен өзін «заманауи жырау» деп атайтын рэпер Жан Ахмадиев қатысты, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Ұлы сөзде ұяттық жоқ» дегендей, бағдарлама тақырыбын «Секс жайлы білу ұят па? Қазақтардың жыныстық сауаты» деп алған екен. Жертөледегі ашық әңгімеге бірінші келіп сөз алған Әсел Ергешқызы Youtube арнасындағы өзі жүргізетін «Жабық тақырып» бағдарламасына тоқталып өтті.

Айтуынша, ол «Жыныстық сауаттылық», «Оргазм», «Жүктілік кезіндегі және кейінгі жыныстық қатынас», «Мастурбация зиян ба?», «Секс не үшін керек?», «Белсіздік пен бедеулік», «Қауіпсіз секс және қорғаныс амалдары» деп кете беретін 9 видеоблог жасап тастапты.

«Оны кәсіби журналистердің 90 пайызы қолдады. Сынағандар – қарапайым көрермендер, дивандық батырлар», - дейді өзі сенімді түрде.

Осы сәтте, Аман Тасыған оған дәстүрлі әнші, ұлт жанашыры Айгүл Елшібаеваның өзіне қарата айтқан сынын оқып берді. «Әсел, саған не болған? «Атың шықпаса, жер өртенің» кері ме? Осындай теманы қою керек. Денсаулығы кеміп, ауруға шалдықса немесе білгісі келіп өліп бара жатса, оны әріп танитын адам Гуглдан ашып, оқып алуына болады. Сен қыз қой бұндайыңды! Әдеп сақта!» - деген екен ол.

Алайда, әнші «жабық тақырыпты» Әсел Ергешқызының өзі айтпай, журналист ретінде мамандарды сөйлететінін білгенде, одан жоғарыдағы пікірі үшін кешірім сұрапты.

«Қазір «Жабық тақырып» видеоблогын 18 бен 35 жас аралығындағы жігіттердің 80 пайызы көреді» дегенді де сенімді түрде қосып қойды ол. Осы кезде оған қарсы тарап ретінде жертөлеге қолына қамшысын ұстаған Жан Ахмадиев кірді.

Кезінде Алматыдағы Сәкен Сейфуллин көшесінің бойынан жезөкшелерді қамшысымен тырқырата қуған «заманауи жырау», жыныстық қатынас мәселесін «Жабық тақырыпта» ашық айтқанды қаламайтынын жеткізді. Ол әр үйдің ішінде құпия түрде айтылатын ондай әңгімелерді бұлай кішкентай балалардың көз алдына ақпарат ретінде алып шығуға болмайды деген пікірде.

Ал Әсел Ергешқызы «ондайды экран арқылы ашықтан-ашық қабылдауға біздің қоғам дайын емес» деген Ахмадиевтің сынынан өзінің «сүйікті» тақырыбын қызылкеңірдек болып қорғап шықты.

«Алғаш «Жабық тақырып» шыққанда, 90 пайыз негатив болды. Одан арада төрт ай өткеннен кейін 60 пайыз негатив, 40 пайыз қызығушылық пайда бола бастады. Қазір 80 пайызы мамандардың байланыс нөмірін сұрайды», - деді, әр сөзін пайызбен «тұздықтап» отырғанды ұнататын әріптесіміз.

 
Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста