Секс-кино! «Тоқалды» көріп, түңіліп кеттік

Астанада жарнамасын алаулатып-жалаулатқан „Тоқал„ фильмінің алғашқы көрсетілімі болды.

Шыны керек, қазақ бұл фильмді асыға күтті. Өйткені, бұқара қауым өткен дәстүріміздің, ата-баба құрған әлеуметтік институттың осы заманда қайтадан жаңғырған көрінісін көріп, көзайым болғысы келді. Алайда алабұртқан көңіл су сепкендей басылды. Құдай-ау, ол арада қазақ дәстүрінің иісі де сезілмейді. „Тоқал„ деген аттан садаға кет!..

Бұл фильмде отбасылы еркек жас қызбен көңіл қосады. Оған ерегескен әйелі жас жігіттермен жүріс жасайды. Ақырында, әбден адасқан отбасы жұбы қайтадан қосылады. Болды!..

Енді айтыңызшы, бұған тоқалдың не қатысы бар?.. Егер екі әйел келісіп, бір үйде тұруға шешім шығарса, тіпті, бөлек тұрып, бір-бірін мойындаса, жарайды дейсің. Кішкене болса да, кино атауына жақындайды. Ал мұндағысы көңілдес, ашына ғана.

Қазақта сері жігіттер болды. Бірақ олардың өздері қызға бармаған. Ал қазақтың қызы күйеуге тигенше, пәктігін сақтаған, көңілдес болмаған. Қалай дегенмен де қазақ қоғамында тоқалға әлеуметтік мәртебе берілген, бәйбішеге бағынышты болатыны болмаса, оның да атқаратын міндеті мен жауапкершілігі бәйбішеден айырмасы жоқ. Яғни, тоқалдың да өз мойнына алатын жауапкершілігі бар.

Ал қазір әр еркектің қойнына еніп, көңілін уақытша аулап жүрген көңілдесте қандай жауапкершілік болсын, егер ол астыртын жүрістегі, ешкім мойындамаған „ешкім„ болса.

Жалпы, қазақ екі жағдайда тоқал алған. Ағайынының әйелі қайтыс болса, әмеңгерлік жолмен үйленуге, әйелінің үстіне әйел алуға мәжбүр болады. Сол секілді бала болмағанда, бәйбіше рұқсатын береді.

Мұның бәрін қазақ жақсы біледі, бірақ соны бұдан мақрұм осы киноның режиссері мен актерлер қауымына дігірлеп айту керек секілді. Бір ұлттың дәстүрімен бұлай ойнауға, мазақ етуге болмайды! Тіпті, ұлтым деген азаматтар бұл киноның атауын өзгертуге ат салысуы тиіс.

Ермек Тұрсыновтың „Келін„ деген киносы жарыққа шыққанда Парламент үстелін тоқпақтаған депутаттар болды ғой. Бұл да дабыл қағатын сондай жайт.

Тағы бір айта кетерлік жайт. Кино өмірден алынған дейді. Иә, өмірде тәлім-тәрбиелік мағынасы аздау ондай уақиғалар жетерлік: алдап кеткен, екіқабат қылып, тастап кеткен, алимент төлемей, қашып жүрген және тағысын тағы. Бірақ, сонымен қатар, осындай оқиғада мойнына жауапкершілік алған, талай өмірді былғаныштан сақтап қалған, отбасын асырап отырған, әйелді де баланы да жанында ұстап, бақытты еткен өмірлік үлгі-өнегесі бар жайттар да бар ғой.

Мысалы, Ақтөбеде бір үйде үш әйелімен тұрып жатқан жеке кәсіпкер Орынбай Жолмұратов деген ағамыз бар. Өмірде бар адам. Немесе екі әйелімен тату-тәтті тұрып жатқан белгілі сазгер, сатирик Жарылқасын Дәулет. Жарылқасын ағамыз, ұлым жалғыз болмасын деп екінші әйел алу туралы бәйбішеммен ақылдасып, өзара шештік дейді. Алла қалап, соның арқасында, ағамыз тағы да екі ұлды болыпты. Орынбай аға да бәйбішенің рұқсатымен үйдің де, түздің де ісін дөңгелетіп отырғанын айтады. Санай берсе, шүкір мұндай отбасы елімізде баршылық.

Киноны түсіргенде осындай кісілерді неге ойламадыңыздар? Олардың тоқалдары киноны көріп, қорланбады дейсіздер ме, қорланды, әрине?..

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста